Ұлы Отан соғысы ардагерлері тегін медициналық тексеруден өтеді

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Жеңіс күнін тойлау қарсаңында 2017 жылғы 5 мамыр мен 10 мамыр аралығында Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне «INVIVO» зертханаларында барлық зерттеулерден тегін өту мүмкіндігінің ұсынылатынын мәлім етті.

«INVIVO» зертханасы — орталық азия өңірінде желілік өңірлік құрылымы бар алғашқы зертхана.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан аумағында Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында 150 қабылдау пункті бар, онда 600-ден астам білікті маман қызмет атқарып жатыр.

ДереккөзBaq.kz