5 мамырдағы ауа райына болжам

Тек солтүстік аумақтарда кей жерлерде жаңбыр жауады. Жел екпіні де күшейеді.

Батыс және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетсе, БҚО-да кей жерлерде 17-22 м/с-ге дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда, Атырау облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.

СҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с-ге дейін жетеді.