Басты бетЖаңалықтарАлматыда 9 мамыр күні бірқатар көше уақытша жабылады

Алматыда 9 мамыр күні бірқатар көше уақытша жабылады

Алматыда 9 мамыр күні бірқатар көше уақытша жабылады. Ертең 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында гүл қойылады.

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлап отыр.

Басқарманың мәліметінше, салтанатты рәсімге байланысты саябақ аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сағат 07:00–ден 12:00–ге дейін Қонаев — Жібек жолы — Қазыбек би — Бәрібаев көшелері аумағында көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сонымен қатар осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады.

Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз, — деп ескертеді басқармадан.

Одан бөлек іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

  • Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) — Абай алаңы — Орталық стадион;
  • Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) — Халық Арена;
  • Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) — Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;
  • Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) — «Сәлем» базары;
  • Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) — Алматы Арена.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да