Басты бетЖаңалықтарМамырда Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

Мамырда Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

2025 жылғы мамыр айындағы мереке күндері мен демалыс күндерін ескерсек, Қазақстан азаматтары 12 күн демалады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес 2025 жылы Қазақстан азаматтары үш мерекені тойлайды:

  • Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (бейсенбі);
  • Отан қорғаушы күні – 7 мамыр (сәрсенбі);
  • Жеңіс күні – 9 мамыр (жұма).

Осылайша, Қазақстан азаматтары:

  • бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамырда демалады, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 және 4 мамыр – күнтізбелік демалыс күндері, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9, 10, 11 мамыр – мерекелік демалыс күндері.
  • алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамыр – мерекелік демалыс, 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері, 4 мамыр – демалыс күні, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс, 11 мамыр – күнтізбелік демалыс күні.