Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Жеңіс күнімен құттықтады

Президент өз сөзінде соғысты басынан өткеріп, жеңіске жеткендердің ерлігін есте сақтаудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз. Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз, — делінген президент құттықтауында.

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанына 79 жыл болады.