Басты бетЖаңалықтарАлматы-Мумбай. Air Astana жаңа бағыт ашты

Алматы-Мумбай. Air Astana жаңа бағыт ашты

Air Astana Алматыдан Мумбайға ұшатын жаңа бағыт ашты. Енді екі қаланың жолаушылары компанияның Airbus 320 жайлы ұшағына отырып, бағытына 4 сағат 50 минутта жетіп алады. Бұл туралы Мумбайда өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Air Astana бұл бағытты 2020 жылғы наурызда ашпақшы болған. Пандемия басталып кетіп, жоспардың іске асуына кедергі болған.

Air Astana, Питер Фостер
Фото: Baribar.kz

Дегенмен қазір жоспарымыз жүзеге асқанына қуаныштымыз. Алматыдан Мумбайға аптасына үш рет ұшамыз, алайда алдағы уақытта одан да жиі ұшуды қарастырып отырмыз. Бұл бағытқа сұраныс артанынына сенімдіміз. Қазақстаннан ұшатындардың басым бөлігі туристер болса, Мумбайдан Алматыға ұшатындардан Қазақстанға инвестиция құйғысы келетін бизнесмендер де ұшады деп ойлаймыз, — деді Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Бір айта кетері, Air Astana лайнерлерінің Үндістанға ұшып жүргеніне 20 жыл толып отыр. Компания 2004 жылы Алматы-Дели-Алматы бағытын ашқан еді. Осы уақыт ішінде әуе компаниясы Қазақстан мен Үндістан арасына 1,2 миллион жолаушы тасыды. Олардың 30%-і Орта Азия және Кавказ елдеріне бара жатқан трензитпен ұшқан жолаушылар болды.

Питер Фостер Дели бағытында ұшатын жолаушылардың 79%-і Үндістан халқы екенін айтты. Туристер Алматыға демалу үшін келеді: қаланы көріп, тауға шығады.

Air Astana, Питер Фостер
Фото: Air Astana

Air Astana бас атқарушы директоры Мумбай мен Алматы қалаларының ұқсайтынын, қалалар екі елдің коммерциялық, қаржы және туризм орталығы екенін айтып өтті.

Өзге де жеке коммерциялық әуе компанияларымен жұмыс істегіміз келеді. Жақында Air India компаниясымен Делиге және Мумбайға ұшатын рейстерімізді қамтамасыз ететін арнайы келісімге қол қойдық. Air India-мен қарым-қатынасты одан әрі дамытамыз деп үміттенеміз. Үндістан — біз үшін маңызды нарық. Алдағы уақытта елдің басқа қалаларына да ұшуды жоспарлап отырмыз, — деді Питер Фостер.

Үндістан азаматтары 2,5 жылдан бері Қазақстанда 30 күн визасыз жүре алады. Қазақстан азаматтарына да жеңілдік жасалып, визаны онлайн рәсімдеп, оны бір күн үшінде алуға мүмкіндік бар.

***

Air Astana жолаушыларға арналған ұшақта берілетін өнімін жетілдіріп жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да