Басты бетPush«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли айтты.

Сыйымдылығы 48 орындық «Ан-24» ұшағы жолаушыларды «Семей — Астана — Семей» бағытында тасымалдай бастайды. Рейсті «Южное небо» әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты – 18:15. Астанадан Семейге ұшу уақыты – 21:15.

Жаңа бағыттағы рейс 27 сәуірден бастап іске қосылмақ. 10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет, сонан кейін аптасына бес рет ұшады. 1 мамырдан бастап «Алматы – Семей – Алматы» және «Астана – Семей – Астана» бағыттары бойынша қосымша рейстер қосылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да