Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүр?

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүр?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары туралы ақпарат жариялады. Министрліктің ақпаратына қарағанда, ел аумағында 13891 шетел азаматы еңбек етеді.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 4 885 адам;
  • Түркия – 1 124 адам;
  • Үндістан – 1 150 адам;
  • Өзбекстан – 1 614 адам.

Еңбек мигранттары негізінен құрылыс саласында (5 131 адам), тау-кен өнеркәсібінде (1 351 адам), өңдеу өнеркәсібінде (1 232 адам) және ауыл, орман, балық шаруашылығында (1 695 адам) жұмыс істейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да