Басты бетЖаңалықтар22 сәуірде Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

22 сәуірде Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 22 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.