Басты бетЖаңалықтарМарафондағы екі адамның өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғамады

Марафондағы екі адамның өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғамады

Марафондағы екі адамның өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғамады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Екі адамның өлімі бойынша криминалдық мән-жай анықталмады. Бізде қылмыстық іс қылмыс құрамы болғанда ғана қозғалады. Бұл оқиғада қылмыстық іс қозғалмады. Тексеріс нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болған. Марафон кезінде 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жасар Нұрбол Ахмадидің жүрегі тоқтап қалған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да