Зейнетақы қорынан ойын-сауық орталығының құрылысына бөлінген ақша қайтарылып жатыр

Зейнетақы қорындағы ақшаның «ЭКСПО-2017» алаңында Mega Silk Way ойын-сауық орталығын салуға жұмсалғаны жұрттың түсінбеушілігін тудырған еді. Бірі: «Бұл тиімсіз инвестиция», – десе, енді бірі елдің ақшасын кәсіпкерлерге тапсырып жатқанына алаңдаған.

Қазақстан даму банкінің төрағасы Болат Жәмішевтың айтуынша, бүгінде ойын-сауық орталығының құрылысына алынған қаражаттың 5 миллиарды қайтарылған. Тағы 1 млрд теңгесін қайтарылғалы жатыр.

«Осылайша қарызды уақытынан бұрын жауып тастамақ. Зейнетақы қорындағы ақша Қазақстан даму банкі арқылы жоғары пайызбен берілді. Демек, қаражат қайтарылғанда, табысы да көп болады»,- дейді төраға.

ДереккөзKhabar.kz