Басты бетЖаңалықтарШымкентте 7 жасар бала су толы шұңқырға құлап кетіп, қаза болды

Шымкентте 7 жасар бала су толы шұңқырға құлап кетіп, қаза болды

Шымкентте Тұран-1 ықшамауданында 1-класс оқушысы қоршалмаған су шұңқырына құлап, қаза болды. Оқиға 12 сәуірде болған. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.

Жеті жасар бала сағат 17:00 шамасында үйден шығып кеткен. Оның денесі, шамамен сағат 22:00-де суға толы тереңдігі 2 метрдей, өлшемі 4х50 метрдей шұңқырдан табылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерге арналған септик үшін шұңқыр бірнеше жыл бұрын қазылған, бірақ жұмыс тоқтап, шұңқыр сол күйі ашық қалған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кеткен.

Тұрғындар қауіпті аумақты қоршауды сұрап, жауапты органдарға бірнеше рет хабарласқанымен, олар шара қолданбаған. Жақын жерде мектеп пен балабақша бар, бұл ата-ананың алаңын арттырады.

Шымкент полицейлері шұңқырға құлап кеткен баланың өлімін тергеп жатыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүріп жатыр, — деп хабарлады ведомство.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да