Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр

Қазақстанда ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

27 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8,3 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберіліп жатыр. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 67%-ке толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 620 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр су жіберіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 12,2 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 9,3 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2,2 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,7 текше метр су жіберіліп жатыр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберіліп жатыр. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 68%-ке толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 195 текше метр су жіберіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да