Шымкенттік оқушылар сөйлей алатын робот жасады

Балалар байқауда компьютерлік өнер, мобильдік бағдарлама, қысқаметражды фильм, бағдарламалау, робототехника бағыттары бойынша бақтарын сынады.

Ғылым саласына қызығушылығы мол, дарынды балалардың қатарында дыбыстық робот жасап шыққан жас өнертапқыштар да болды. Олар бір жарым айда сенсорлы робот жасап шығарыпты. Сөйлеуге бейім құлтемірлерге жоба авторлары «Сабыр» деген атау берген.

«Құлтемір басы мен қолын қимылдата алады. Оған спутниктік антеннаның материалын қолдандық. Бұдан бөлек кез келген сабақтарда оқушының ынтасын арттыру үшін де осы құлтемірлерді пайдалануға болады. Себебі, оның ішіне сабақтың тақырыбына байланысты материалдарды салып, сақтап қоямыз. Оны робот еркін дыбыстап, оқып бере алады»,- дейді байқауға қатысушы Бекнұр Қонысбаев.

IT саласы бойынша жеңімпаз оқушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өзге дарынды балаларға арнайы сертификаттар берілді. Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін байқау алдағы уақытта жыл сайын өткізіліп тұрады,-дейді ұйымдастырушылар.

ДереккөзNaryk.kz