Алматы жолдарындағы көлік қозғалысына өзгерістер енгізілді

Метрополитеннің «Достық» бекетінде құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысындағы көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі.

2017 жылғы 6-9 мамыр аралығында Момышұлы көшесінің бойымен Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейін оңтүстік және солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы жабылады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, айналма жол Абай даңғылы, Саин және Ұлықбек көшелерінің бойымен жүзеге асырылады.

Момышұлы көшесінен барлық іргелес аулаларға көлікпен кіру және шығу өзгеріссіз жүргізіледі.

ДереккөзBaq.kz