Соңғы қоңырау кезінде ата-аналар мектептегі мерекелік іс-шараларға шығындалып, балаларды ысырапқа үйретпеуі керек.
Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеп отыр.
Соңғы қоңырау 25 мамыр болып қалады, ол тиісті бұйрықта тұр. Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Өйткені мектеп – тәрбие ортасы, өскелең ұрпаққа үлгі. Қазір ата-аналар мейрамхана мен дәмхана іздеп әуре болып жүрсе, онда біз қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан қарапайым және үнемді болған жөн. Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс. Ал жинаған ақшаны мейрамханаларға шашу – балалардың болашағы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді, — деп жауап берді Ғани Бейсембаев мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына.