«Казгидрометтің» хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні шаңды дауылмен 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді және шаң көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
