Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған интернет-портал ашылды

Agrobiz.kz интернет-порталы шаруа қожалықтарының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қаржы институттарымен, ғылыми орта және коммерциялық сектормен байланыстарын жеңілдету мақсатымен жасалған.

Мысалы, ауылдық аймақтардағы әкімшілік жедел түрде әр түрлі ескерту мен хабарландыруларды өз аймақтарының шаруа қожалықтарына жібере алады. Ал мемлекеттік органдар сел жүру, өрт, зиянкестердің таратылу қауіпі мен карантин аурулары немесе салық төлемдерінің мерзімдері туралы дер кезінде хабар тарата алады. Сонымен қатар, аталған дереккөздің көмегімен шаруа қожалықтарының иелері қызметтері жайлы актуалды ақпаратты жариялап, өз өнімдерін нарықта жарнамалауға мүмкіндіктері бар.

ДереккөзNitec.kz