2017 жылы азық-түлік 4 пайызға қымбаттаған

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. сәуір 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 35,5%, жаңадан жиналған көкөністерге – 18,8%, қой етіне – 8,8%, сиір етіне – 7,3%, сары майға – 5,4%-ға, жаңадан жиналған жемістерге, консервіленген сүтке – 4,3%, жылқы етіне, кондитерлік өнімдерге – 3,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 3,3%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 11,3%, қантқа – 5,9%, қарақұмық жармасына – 5,7%, күнбағыс майына – 4,4%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, тоқыма бұйымдарына, фармацевтикалық өнімдерге, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға да әсер еткен.

Баллондағы сұйытылған газ 5,8%, бензин – 5,5%, дизель отыны – 2,2%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 3,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,6%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,6%, ішкі қалааралық – 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен – 2,8% темір жол– 1,9%-ға арзандады.

ДереккөзNaryk.kz