Қызметкерлеріне шексіз демалыс беретін компаниялар

Сала мамандарының айтуынша, қызметкерлердің еркіндікті сезінуі олардың көңіл-күйлерін көтеріп, керісінше жұмысқа деген ынтасын арта түсіреді екен. Бастысы – тапсырманың орындалуы. Белгіленген сағатта немесе күнде кеңсеге келіп отыру міндетті емес.

Netflix

Сериалдар мен телеарна шоуларын түсіретін Netflix компаниясы қызметкерлерін жылына кемінде алты апта демалысқа шығуға мәжбүрлейді. Шығармашылық қызметкерлер жылына қанша күн демаламын десе де ерік өздерінде.

LinkedIn

Кәсіпкерлер мен іскерлердің ең танымал әлеуметтік желісі саналатын LinkedIn қызметкерлерінің әлемді барынша көбірек шарлағанын талап етеді.

EventBrite

2016 жылы Сан Францискода негізі қаланған бұл компания негізінен түрлі мәдени және спорттық шараларға билет сатумен айналысады.

Crimson Hexagon

Лондонда орналасқан АҚШ-тың бұл компаниясы әлеуметтік желілердің сараптамасымен айналысады.

Visualsoft

Visualsoft электронды сауда саласындағы Ұлыбританияның ең ірі компанияларының бірі. Компания қызметкерлерінің таңертеңгі шығынуы мен спортпен айналысуына көбірек уақыт бөлуін талап етеді.

JustPark

Көшеде, қоғамдық орындардың жаны мен қаланың кез келген жерінде көлік қаңтаратын орын іздеген жүргізушілер JustPark қосымшасының қызметіне жүгінеді. Компания қызметкерлерінің кеңседе отырған уақытынан, сыртта жүрген уақыты көп.

AffectV

Аудиотехнология мен жарнама платформасын ұсынатын AffectV компаниясы қызметкерлерінің айтуынша, демалыс еркіндігінің берілуі шығармашылық дамуға айтарлықтай жол ашып отыр.

ДереккөзNaryk.kz