Дәрі-дәрмек бағасы арзандауы мүмкін

ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрайымы Лариса Пак Шымкенттегі сапарында осыны айтты.

Дәріханаларда бағаның шарықтап кеткені туралы жиі шағым түседі. Пайызға шақсақ, мемлекет дәрі-дәрмектің 54 пайыздайының құнын реттейді. Егер заң жүзінде қолға алатын болсақ, кем дегенде дәрілік заттардың құнын 3-4 есе арзандатуға мүмкіндік туар еді. Бірақ бұл нарық.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық дәрі-дәрмектің үлесі 50%-ға жақындап келеді. Оның мөлшерін ары қарай арттыру, импортқа тәуелділіктен арылу маңызды мәселе болып тұр.

ДереккөзAstanatv.kz.