Басты бет Жаңалықтар Азиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды

Азиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды

Фото: туризм және спорт министрлігі
Қазақстан ерлер хоккей командасы Қытайдық Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында чемпион атанды.

Финалда, қазақстандық жігіттер Жапония құрамасымен күш сынасты. Бірінші таймда, қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский командаласы Самат Даниярдың пасын голға айналдырып, есеп ашты.

Екінші тайм бастала сала, Андрей Буяльский қарсылас қақпасынан тағыда саңылау тауып кетті. Араға көп уақыт салмай, Роман Старченко есепті еселеді.

Соңғы кезеңде, отандасымыз Кирилл Панюко қарсылас қақпасына қатарынан екі шайба соқты. Қортынды есеп 5:0.

Осылайша, Қазақстан ерелер құрамасы қысқы Азия ойындарында топтық кезеңді қоса алғанда барлық қарысыласын жеңіп, чемпион атанды.

Қола медаль үшін матчта, Оңтүстік Корея спортшылары Қытайды 5:2 есебімен қапы қалдырды.

Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.

Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.

Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.

ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин «қола» жүлдеге қол жеткізді.

Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.

Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды.

Қазақстандық шаңғышылар қола медаль еншіледі.

Қазақстандық биатлоншы қыздар қысқы Азиаданың «қола» жүлдесін еншіледі.

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды.

Exit mobile version