Шаңғышы Константин Борцов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медаль алды. Бұл туралы ұлттық олимпиада комитеті хабарлап отыр.
Спортшы ерлер арасында классикалық стильдегі спринттің финалында үшінші болып мәреге жетті.
Жарыста қытайлық Ван Сянь жеңіске жетсе, екінші орынды жапониялық Харуки Ямашита иеленген еді. Алайда жапондық спортшы Харуки Ямашитаның «жарысқа тыйым салынған материалдарды қолданғаны» үшін жарыстан шеттетіліп, біздің спортшымызға күміс жүлде бұйырды.
Олжас Климин жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.