Басты бет Жаңалықтар Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы алтын және күміс медаль еншіледі

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы алтын және күміс медаль еншіледі

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 9 минут 40.3 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады.

Сонымен қатар Әсет Дүйсенов пен Александр Мухин мәреге 6-7 болып жетті.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан делегациясының қысқы Азия ойындарындағы үшінші алтын медалі.

Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.

Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.

Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.

ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді.

Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.

Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.

Exit mobile version