Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық хоккейшілер Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды

Қазақстандық хоккейшілер Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды

Фото: ҰОК
14 ақпан күні хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кореямен болған шешуші кездесуде біздің құрама 3:0 есебімен жеңіске жетті. Мұндай оқиғаның Харбиндегі Азия ойындарының соңғы күнінде орын алғаны қуантады.

  • 0:1 – Алдабергенова (Шегай, Тұрсынова) – 05:58 Г.Б.
  • 0:2 – Буторина – 43:23
  • 0:3 – Молдабай – 53:30

Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.

Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.

Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.

ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин «қола» жүлдеге қол жеткізді.

Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.

Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды.

Қазақстандық шаңғышылар қола медаль еншіледі.

Қазақстандық биатлоншы қыздар қысқы Азиаданың «қола» жүлдесін еншіледі.

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Exit mobile version