Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының ерлер арасында биатлоннан жарыстар мәресіне жетті.
Ерлер арасында 7.5 шақырымға сырғанаудан командалық эстафетада Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев ел құрамасы сапында сынға түсті.
Жарыс қортындысында жігіттер 1 сағат 25 минут 18.7 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті.
Жапония құрамасы бізден бір минут бұрын келіп, чемпион болды. Ал Қытай құрамасы қазақстандықтардан 14 секундқа кешігіп, қола медалді еншіледі.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы сегізінші күміс жүлдесі.
Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.
Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.
Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.
Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.
ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин «қола» жүлдеге қол жеткізді.
Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.
Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.
Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды.
Қазақстандық шаңғышылар қола медаль еншіледі.
Қазақстандық биатлоншы қыздар қысқы Азиаданың «қола» жүлдесін еншіледі.