Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық шаңғышылар қысқы Азия ойындарында қола медаль еншіледі

Қазақстандық шаңғышылар қысқы Азия ойындарында қола медаль еншіледі

Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҰОК
Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының ерлер арасындағы шаңғымен сырғанаудан 4Х7.5 шақырымдық эстафета жарысы өз мәресіне жетті.

Жарыс жолына қазақстандық спортшылардан Олжас Климин, Владислав Ковалев, Константин Борцов және Наиль Башмаков шықты. Қортындысында отандастарымыз 1 сағат 12 минут 54.7 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші болып кесті.

Қытай құрамасы 1 сағат 12 минут 09.6 секунд нәтижемен чемпион атанса, жапондық спортшылар екінші орынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Харбин қысқы Азия ойындарындағы бесінші қола медалін ел қоржынына салды.

Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.

Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.

Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.

ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді.

Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.

Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы Азия ойындарының «күміс» жүлдегері атанды.

Exit mobile version