Басты бет Жаңалықтар Азия ойындары: шаңғышы Олжас Климин «қола» жүлдеге қол жеткізді

Азия ойындары: шаңғышы Олжас Климин «қола» жүлдеге қол жеткізді

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді.

Х қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (10 км) еркін стильде сынға түскен отандасымыз жарыс қорытындысы бойынша үшінші орын алды.

Сында Климин мықты қарсыластарынан озып кетті. Оның ішінде қытайлық спортшылар Бао Лин (2019 жылғы әлем чемпионатында 13-орын) мен Чен Деген (2022 жылғы олимпиадада 13-орын) және жапониялық Такацугу Уда (2021 жылғы әлем чемпионатында 9-орын) бар.

Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.

Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.

Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында 2-орын алды.

Exit mobile version