Семейде «Газель» автокөлігінің жаңа түрі шығарылып жатыр

16 орындық шағын автобус қалааралық бағыттарға арналған. Сапарға шыққан жолаушылардың шаршамауы үшін барынша жағдай қарастырылған: шанағы тұтас металлдан құйылған, сапалы, әрі жайлы.

Алғашқы көліктер Алматы қаласының тапсырысы бойынша құрастырылды. Жыл соңына дейін жаңа 500  газель шығару жоспарда бар.

Биыл 10 жылдығын атап өткелі отырған кәсіпорында 400-ден астам жергілікті тұрғын еңбек етеді. Олар ресейлік ірі автоөндіруші компаниядан арнайы тағылымдамадан өтіп тұрады.

Мұнда автобустардан бөлек трактор, жүк көліктері де құрастырылады.

ДереккөзNaryk.kz