2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, шаңды дауылмен қатар жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с күшейіп, тұман түседі.

Алматы облысында түнде тұман басып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейеді.

ДереккөзBaq.kz