Сіз неге миллионер емессіз?

1. Біреудің ойы сіз үшін маңызды

Егер сіз айналаңыздағыларға бас­қаны қайдам, сізде кезекті қым­бат «ойыншықты» сатып алатын мүм­кіндіктің барын дәлелдегіңіз кел­се, бұл сіздің ақшаны желге шашып жүр­геніңіздің айқын белгісі.

2. Сіз шыдамсызсыз

Адам баласы несие картасы де­ген «оңай олжаны» ойлап таппай тұрып, қолда бар ақшадан артық сумманы жаратудың мүмкіндігі болмайтын. Енді бәрі басқаша. Екінің бірінде несие картасы бар. Егер сіз оны жиі қолдансаңыз, яғни келесі жалақыға дейін күтуге сіздің шыдамыңыз жетпейтін болса, біліңіз: сіз басыңызбен қарызға батқанда, өзгелер сіздің есебіңізден байып жатыр!

3. Сізде зиян әдеттер бар

Ол темекі тарту, ішімдік, құмар ойындар немесе тағы басқа, не болса да маңызды емес. Бастысы – бар. Олар сіздің жағдайыңызды жақсартуға жұмсалатын күштің көбін алады. Көп адам өзінің зиян әдетінің шығыны өзі ойлағаннан әлдеқайда артық екеніне мән бере бермейді. Мысалы, темекіні алайық. Шеккен адам темекіге қаржы жұмсап қана қояды дей алмаймыз. Шегуден туатын ауруларды емдеуге кететін шығын шаш-етектен…

4. Сізде мақсат жоқ

Егер уақыт тауып, бұл өмірде сізге не керегін нақты шешіп алмасаңыз, қалтаның қалыңдай түсуі өте қиын. Егер алдыңызда мақсат болмаса, талпыныс та жоқ. «Мен миллионер болғым келеді» деп айта салу тым аз. Ақша жинау арқылы жеткіңіз келетін мақсатыңызды анықтап алуға тура келеді. Мақсатты қаншалықты тез анықтасаңыз, соншалықты нақты жоспар да тез пайда болады.

5. Сіз айтарлықтай дайындалған жоқсыз

Ең ақылды адамдар да кейде келеңсіз жағдайларға ұшырайды. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан егер сіз өзіңізді сақтандырмасаңыз, кез келген жинағыңыз желге ұшқандай жоқ болып кетуі мүмкін.

6. «Тез ақша» табамын деп жүрсіз

Көпшілігімізге байлық аспаннан түсе салмайды. Әрине, сіз айналаңызда біраз адамдардың лотореядан ұт­қаны жайында дәлел келтіруіңіз мүмкін. Бірақ адамның лотореядан ұту мүмкіндігінің төмендігі сонша, тіпті оны пайыз мөлшерінде есептеп салыстыру да мүмкін емес. Тап сол сияқты бір жобаға ақша құйып, бірден мол табыс таба салу да ертегімен тең.

7. Сіздің ақшаңызды басқа біреу дұрыс басқарады

Ақшаға байланысты сұрақта басқа адамдар сізге қарағанда әлдеқайда ақылды деп есептейсіз. Сондықтан сіз үнемі олардың кеңестеріне құлақ түріп, айтқанын істейтін шығарсыз. Бірақ көңіліңізді қалдыруға тура келеді. Көптеген адамдар ақшаны өзі үшін табуды жөн көреді. Сондықтан олар ақшаны қайда салу туралы ақыл айтқанда, өзіне тиімді тұсынан айтады. Басқалардың кеңестеріне құлақ түрген жаман емес, бірақ соңғы шешімді қашанда өзіңіз қабылдауыңыз тиіс.

8. Сіз ақшаны өзіңіз түсінбеген жобаға саласыз

Біреу сізге көкесінің бір жобадан қыруар қаржы тапқанын айтты да, сіз де сол қақпанға түстіңіз. Егер ол «көке» шынымен пайда тапқан болса, тек сол жобаны бүге-шүгесіне дейін түсінгендігінің арқасында ғана. Жо­баны түсінбей тұрып, тек қана таныс­тарыңыздың да тап осылай істегенімен көңілді жұбатып, бірақ өз басың жоба туралы ештеңені ұқпай тұрып байып кету мүмкін емес.

9. Сіз қаржылық тәуекелден қорқасыз

Сіз бар ақшаңыздан айрылып қа­лудан қорқаты­ныңыз соншалық, та­бы­сыңызды то­лықтай көрпенің астына жасырасыз және ақшасыз қалудың ең қарапайым тәсілі сол екенін сезбейсіз де. Бірнеше жылдың ішінде инфляцияның өзі ақшаны құр қағазға айналдырып жібереді. Одан да жиғаныңызды ин­фляция деңгейінен асатын пайдасы бар іске салу жөн емес пе?

10. Қаржылық жағдайыңызға пысқырып та қарамайсыз

Сіздің ойыңызша, сіз табыс та­уып жатырсыз, ал қаржы мәселесі өйтіп-бүйтіп өзі реттеле жатар. Яғни қарызыңыз бар болса, олар болашақта міндетті түрде өзі-ақ жабылады. Өкінішке орай, байып кету үшін барлығын да бүге-шүгесіне дейін жос­парлау қажет. Өздігінен ештеңе де болмайды.

Миллионер әдеттері

Браун Университеттерінің мамандары «байлар мен кедейлердің» әдеттерін зерттеп мынадай тұжырымдарға келді.

  • Бай адамдардың 81% күнделікті күнге жоспар жасайды. Ал кедейлер арасында тек 9% күнделікті жоспар жүргізумен айналысады.
  • 88% бай адам күніне 30 минуттан көп көркем әдеби кітаптар оқиды. Кедейлердің арасында небәрі 2% кітап оқиды.
  • 75% аса кедейлер үнемі реалити-шоулар қарап отырса, байлардың арасында тек 5 % ғана осындай бағдарламаларды тамашалайды
  • Өзін өзі дамыту бойынша байлардың 86 пайызы айналысса, өзіне қосымша тапсырмалар жүктейтіндердің кедейлер арасындағы шамасы бар болғаны — 5%

 Есіңізде болсын: миллионер болу сіздің қолыңызда! Тек сізге миллионер болуға кедергі келтіріп тұрған жайттармен күресе білсеңіз болғаны.