Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 1 223 елді мекенді су басу қаупі бар

Қазақстанда 1 223 елді мекенді су басу қаупі бар

Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов апаттың алдын алу үшін қандай жұмыстар қолға алынғанын айтып берді.

Оның айтуынша, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Су тасқыны аяқталған соң өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастады. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс-шаралар іске асырылды. Мысалы елді мекендерді қорғау үшін 576 километр қорғаныш бөгеттері мен біліктері салынды. 164 километр дренаж жүйесі жөнделді және салынды, 960 автомобиль және темір жолдардың астына су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 658 километр каналдар мен арықтар құрылды, — деді Шыңғыс Әрінов сенатта өткен үкімет сағатында.

74 өзеннің қауіпті учаскесінде 300 шақырымнан астам тереңдету мен жағалауды нығайту, 190 шақырым тазарту жұмыстары жүргізілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ