Басты бетЖаңалықтар"Кальмар ойыны", 3-маусым: Netflix сериалының финалы қашан шығады?

«Кальмар ойыны», 3-маусым: Netflix сериалының финалы қашан шығады?

Netflix-тің оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалы 2021 жылы шыққаннан кейін әлемдік сенсацияға айналды. Сюжеті қарапайым — ақшаға зәру адамдар балаларға арналған ойындарында өмір үшін күреседі. Соған қарамастан, сериал көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, көптеген марапат алды. Оның ішінде алты «Эмми» статуэткасы бар.

Бірінші маусымның ашық финалынан кейін Netflix екінші маусымның түсірілімін жариялады. Бұл 2024 жыл соңында жарық көрді. Енді көрермен үшінші маусымды асыға күтіп отыр.

3-маусым бола ма?

Netflix әзірге «Кальмар ойынының» үшінші маусымы болатын-болмайтынын ресми түрде жариялаған жоқ. Дегенмен режиссер Хван Дон Хёк сериалды жалғастыруға қызығушылық танытып, үшінші маусымның сюжет желісін Netflix басшылығымен талқылап жатқанын айтты.

Ли Джон-джэ. «Кальмар ойыны», 3-маусым: Netflix сериалының финалы қашан шығады?
Ли Джон-джэ Фото: Netflix

Жаңа маусым қашан шығады?

Netflix үшінші маусымға тапсырыс берсе, оның түсірілімі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Екінші маусымның өзі төрт жылдан кейін ғана жарық көрген еді. Сондықтан «Кальмар ойынының» жаңа эпизодтары, ең жақын дегенде, 2027 жыл соңында немесе 2028 жылы шығады деп күтуге болады.

3-маусым не туралы болады?

Хван Дон Хёк үшінші маусымда басқа кейіпкерлердің өмір тарихын баяндағысы келетінін айтқан. Мысалы, ойын күзетшілерінің өмір тарихын. Бірінші маусымда солардың бірі Фронтменнің өткені туралы қысқаша айтылған еді. Мүмкін жаңа маусымда осы кейіпкерге көбірек көңіл бөлінетін шығар.

«Кальмар ойыны» әлемі қалай дамып жатыр?

Netflix «Кальмар ойынының» танымал болғанын пайдаланып, франшизаны кеңейтіп жатыр. 2023 жылы стримиң сервисі «Кальмар ойыны: сынақ» реалити-шоуын және Squid Game: Unleashed мобайл ойынын шығарды. Хван Дон Хёк болашақ спин-оффтардың бірінің шоураннері болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қорытынды

«Кальмар ойынының» үшінші маусымы әлі ресми түрде жарияланбаған, бірақ режиссердың сериалды жалғастыруға ниеті бар. Жаңа эпизодтарды бірнеше жыл күтуге тура келеді, бірақ оған дейін франшизаның басқа жобаларымен танысуға болады.

Дереккөзtinkoff.ru

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ