«Кальмар ойыны» веб-сериалының екінші маусымының тизері жарияланды

Бұл туралы америкалық Netflix стримингтік сервисінің сайтында жарияланды.

Оның айтуынша, бірінші маусымның басты кейіпкерлері экранға қайта оралады. Көрермендер бірқатар жаңа кейіпкермен танысады.

Айта кетейік, «Кальмар ойыны» Netflix-тің ең табысты шоуы деп танылды. Фильм алғашқы 28 күн ішінде 1,65 миллиард қаралым жинады. Фильмде адамдар көп ақша үшін өз өмірін қатерге тігетін құпия ойын туралы айтылады.