Былтыр Алматыда 73,9 мың жұмыс орны ашылды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Өңдеу өнеркәсібі — қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Индустриалды аймақта 485 миллиард теңгенің 67 жобасы іске асырылып жатыр. Мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды.
Былтыр 73,9 мың жұмыс орны ашылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2%-і тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6%-ке дейін төмендеді, – делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы құны 197 миллиард теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарда. Бұл 2,7 мың адамның жұмысқа орналасуына мүмкіндік бермек.