Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері өздерінің ресми Facebook-парақшасында қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтау бейнеролигін жариялады.
«Достық күші — бірлікте! Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтаймыз!»,- деп жазады олар.
Айта кетейік, АҚШ — тәуелсіз Қазақстан Республикасында елшілігін ашқан алғашқы мемлекет. Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылы 25 желтоқсанда орнады.