Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

1 мамырдағы ауа райына арналған болжам

©inform.kz

«Республикамыздың аумағы арқылы суық арктикалық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы салқын болуы ықтимал. Себебі елімізде Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан, антициклон таралатын болады»,- деп хабарлайды «Казгидромет».

Еліміздің кей аймақтарында тұман түсіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Қарағанды облысында ауа райы 6 градусқа дейін төмендейді.

1-2 мамырда Астанада 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күн ызғарлы болады деп болжанған.

Мақалаға реакция