Соңғы уақытта елімізде кәсіпқой бокс ғарыштап дамып жатқаны жасырын емес. Қазақ кәсіпқой боксшыларының тізімін айтқанда немесе жанкүйерлерден кімдерді танисың деп сұрағанда Геннадий Головкиннен кейін Қанат Исламның есімі аталып жүр. Кәсіпқой рингте әзірше жеткен жетістігі, тындырған ісі болмаса да, әйтеуір қазақ жанкүйерлері арасында аса танымал. Ал, жуырда ғана әлем чемпионы атанған Жанат Жақияновты, жалпақ тілмен айтқанда, әлемнің вице-чемпионы Бейбіт Шүменовты қазақ жанкүйерлер тани бермейді. Өйткені, олар елім-жерім деп тура мағынасында жылаған жоқ, шеттен шекара асып келген жоқ. Әлемге қазақты боксы арқылы танытып жүрген Жанат пен Бейбітті емес, Қанатты жас ұрпаққа батыр, тұлға етіп те көрсетіп жүрміз. Иә, жастарға үлгі боп жүргеніне қуаныштымыз. Бірақ, өскелең ұрпаққа Қанат Исламды қай жетістігі үшін, қандай ерлігі үшін үлгі (батыр) қылып жүрміз. Осыны ойладық па? (Ойлап көріңіз, мақала соңында сізден міндетті түрде сұрайтын боламыз).

Жанат Жақиянов, Қанат Ислам
Жанат Жақиянов, Қанат Ислам

Бұйырса, Қанат алдағы уақытта расымен қанатын кең серпіп, әлемді мойындатқанын, шын мәнінде жастарға үлгі болғанын қалаймыз. Бірақ, дәл қазір емес. Бірді айтып, үшке өтпей тұрғанда кіріспемізді осы жерден тоқтата тұрып, Сіз емес, Сіздер үлгі тұтып жүрген Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы (жеке өміріндегі емес) негізгі қателіктерін рет-ретімен баяндағанды жөн көріп отырмыз.

Кәсіпқой боксқа кеш келген талант

Нағыз талантты боксшылардың бірі – Қанат еді. Рингтегі қимылын айтпағанда, соққысының өзі талай боксшыны қаймықтыратын. Қанаттың кәсіпқой боксқа ауысқандағы басты қателігінің бірі әлемдік деңгейге жеткізетін промоутермен келісім шарт жасамағаны мен дұрыс бапкер таңдамағаны. Әрине, бұл жерде Қанат Исламның кәсіпқой боксқа ауысқысы келгені және оны сол уақытта «Астана арландарын» баптаған Нелсон Лопестан басқа оған ұсыныс білдірген ешкім болмады. Сондықтан, ол Лопеспен жұмыс істеуге келісті.

«Нелсон Лопес – колумбиялық промоутер. Кәсіпқой бокста ең үлкен төрт бокс кешін өткізген. Және бірде-біреуі әлем чемпионы атағы үшін өтпеген. Былайша айтқанда, ауданаралық турнир ұйымдастырғанмен бірдей. Осыдан-ақ, Нелсон мырзаның бокс әлеміндегі абыройын ойлай беріңіз».

Қанат Ислам
Қанат Ислам © www.zhusan.kz

Дегенмен, әр промоутердің, менеджердің айлық, жарты жылдық және жылдық жоспары болады ғой. Мысалы, пәлен жылда мына белбеуге, түлен жылы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасасың деген сияқты. Қанат Нелсон көкесімен жасаған келісім шартында не жазылғаны, қандай келісім болғанын білмейміз, бірақ бес жылдан бері әлі чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізбегені бізді қынжылтады. Бес жылда 23 рет шаршы алаңға шыққан боксшының еншісінде қазір екі ғана белбеу бар. Бірі – vacant WBO Inter-Continental яғни, аймақтық WBO белбеуіне үміткер, екіншісі – WBA Fedelatin. Бес жылдағы Қанат Исламның өзі үшін ауыз толтырып айтатын нәтижесі осы. Ал, жанкүйер ретінде бұған біздің көңіліміз толмайды. Себебі, Қанаттың чемпиондық белбеуге шығатын уақыты өтіп бара жатыр. Оған промоутер мен бапкерін ауыстыру керек деген сөз ел ішінде әлсін-әлсін айтылып жатыр, бірақ енді бәрі кеш сияқты. Қанат биыл 23 жасқа толып жатса, оның чемпиондармен кездесуі әлі алда деп өзімізді жұбатушы едік, өкінішке қарай ол биыл 33 жасқа толады. Уақыт пен күш-қуатты ешкім ұстап тұра алмайтыны беске бесті қосқанда 10 болады дегендей айдан анық қой.

Головкин әлемдік боксшы, Ислам халықтық боксшы

Бірден айтайық, Геннадий мен Қанатты салыстыруға мүлдем келмейді. Екеуін салыстырудың өзі бокс мамандары мен жанкүйерлер үшін әбестік болады. Екеуі де екі бөлек боксшы, екі бөлек деңгей. Бірақ, бүгінде қазақстандық бокс жанкүйерлері арасында екі боксшыны салыстыратындардың қарасы көбейіп кетті. Жанкүйерлердің салыстыруы заңдылық екіні анық. Ал, біз журналист ретінде екі боксшыны не үшін салыстыруға болмайтынын, екеуінің өткізіп жүрген жекпе-жектерінен-ақ байқауға болатынын айтқымыз келеді. Яғни, Геннадий әлемдік деңгейдегі «big drama show» өткізіп жүрсе, Қанат халықтық деңгейдегі бокс кешін өткізумен әуре. Қанат Исламның қарсыластарының деңгейін айтпағанда, бүгінге дейін әлі рейтингтік жекпе-жектер өткізіп жүр. Геннадий vacant WBO Inter-Continental атағын 17-ші, WBA чемпиондық белбеуін 20-шы кездесуінде алса, Қанат 22-ші кездесуінде vacant WBO Inter-Continental белбеуін иеленді. Тағы бір айта кетерлігі, Қанат Исламның 23 кездесуіндегі 9 қарсыласының жеңісі мен жеңілісінің айырмашылығы жермен көктей. Тіпті, бір рет болсын жеңілісі жоқ қарсыласпен кездесу өткізбепті.

Бәлкім, Қазақстанда кәсіпқой бокс енді дамып келе жатқан соң болар жанкүйерлер техникалық нәтижелерге аса қатты мән бере бермейді. Ұтты ма, ұтты. Болды. Қарсыласының деңгейі оларды қызықтырмайды. Бірақ, 5-10 жылдан кейін елімізде жанкүйерлік «мәдениет артып» Қанаттың қарсыластарына қарап, жоғарыда «Халықтық боксшы» деп айтқанымызды түсінетін болады.

Осы орайда Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың мына пікірін келтіре кетейік: «Мен түсінбеймін, оған (Қанат Исламға – ред) жеңілісі өте көп қарсыластың не керегі бар? Бұл Қанаттың тәжірибесі мен атағына сын келтіреді. Канат Ислам аймақтық белбеулерді жинауды доғарып, титулдық жекпе-жектер өткізу керек. Промоутерінің не ойлап жүргенін түсінбедім. Ол Исламның титулды жекпе-жегіне жетпей, тек сыбыстың ортасында қалғанын қалай ма? Егер 1-2 жылдың ішінде титулды жекпе-жек өткізбесе, ары қарай кеш болады. Тезірек әлем чемпионы атану керек» дейді Демьяненко.

Осыдан 1-2 жыл бұрын қазақстандық жанкүйерлер «отандық телеарналар Геннадийдің жекпе-жегін көрсеткенше неге өзіміздің Қанаттың кездесуін көрсетпейді» деген сыңайдағы пікір айтылып еді. Оның себебін спорт журналисі Абай Отар былай түсіндіреді:

«Қанаттың (2015 жылы Джонатан Батистаға қарсы кездесуін) боксын отандық телеарна не үшін көрсетпеді бізде? Біріншіден, әр турнирді түсіруге құқылы белгілі телеарна болады. Басқа елдер жекпе-жекті көрсетуі үшін рұқсатнама сатып алуы керек. Бұл жолы аталған жекпе-жектің құқығы NBC арнасына тиесілі болды. Тек солар ғана түсіріп, көрсетуге құқылы еді. Екіншіден, аталған арна Қанаттың жекпе-жегін тіпті көрсеткен жоқ. Мен интернеттен көрсетіп қалар деп әлгі арнаны қадағалап отырғанмын. Оның орнына футбол матчын көрсетіп кетті. Неге? Әуелі сол күнгі негізгі жекпе-жек Кэвин Бизиэ мен Фредрик Лаусон арасында болған-тұғын. Қанат Исламның кездесуі қосымша, бокс тілімен айтқанда андеркарт еді. Сондықтан, аталған арна Қанаттың боксын көрсеткен жоқ. Міне, бары осы».

Соңғы жылдары Қанат Ислам елге жиі келгіштеп кетті

«Ну и что, келсе өз жеріне келіп жатыр, онда тұрған не бар?» деп өре-түрегелуіңіз мүмкін. Асықпаңыз. Сасқанымыздан аузымызға Абай түседі демекші, Қанатты айтқанда еске Головкин оралады. Бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі Қазақстанға екі-үш жылдың ішінде бір келеді. Келсе де, чемпиондық атаған қорғап немесе чемпиондық атақ қосып елге оралады. Ал, Қанат Ислам жылына 3-4 рейтингтік кездесу өткізіп, елге 2-3 рет келіп кетеді. Осындайда, бала кезімізде үйінен тысқа шығу қиын қатарластарымызды «үй кішік» деп мазақтайтынымыз еске түскенін қараңызшы. Осы сөзді Қанатқа қарата айтқымыз келмейді, бірақ…

Қанат Ислам
Қанат Ислам

Қазақ болған соң ел батырын асқа, одан қалса массовкаға шақырады, одан босап жатса көрші ауылдағы байшыкештің көкпарына алдыртады. Бармасаң өзіңе зиян тиіуі немесе көкең ренжіп қалуы мүмкін. Әйтеуір, есіл уақыттың кеткені. Қайта текке өткізген уақытты жаттығу залында пайдаланып, келесі қарсыласына дайындығын күшейтсе. Біз Қанат елге келмесін деп тұрғанымыз жоқ. Келсін. Бірақ, белгілі дәрежені бағындырып, өзін жанкүйерлеріне сағындырып келсе екен дейміз. Кәсіпқой бокстағы шыңға жетіп, миссиясын орындап келсе бір жөн. Содан соң, серілік құрып ел кезіп, көкпардан көкпар тартып, әлде ауыл аралап жастарды боксқа баули ма енді ол өз еркінде.

Қанат Исламның аузына сөз салып жүрген кім?

Қанатты бұрыннан ұлтжанды, елін, жерін сүйетін адам екенін білеміз. Бірақ, соңғы уақытта Қанаттан басқа ешкім елін ойламайтын, ұлтын сыйламайтын сияқты көрініп кетеді. Алысқа бармай-ақ, соңғы Робсон Ассиске қарсы өткен жекпе-жегіндегі сөзін еске түсірейікші. Кездесу соңында да, елге кеп журналистерге берген сұхбатында да «Қабағым жарылғанда бір секунд ішінде елімді ойладым» дейді. Сонда Қанаттың қабағы жарылды деп бүкіл әлем Қазақстанды күлкі қыла ма әлде Қазақстанға келетін жау Исламның қабағы жарылуын күтіп жүр ме? Немесе Қанаттың бүкіл абыройы Қазақстанға тіреліп тұр ма екен?

Шындығына келгенде ол елін емес, өзін ойлады. Өзінің сол кезде жеңіліп қалмауын, жанкүйерлерге масқара болмауын ғана ойлады. Басқа түк ойлаған жоқ. Ал, ол елімді ойладым деп ойланбай айтып, сөзден «авария» болатынын ойлаған жоқ. Әлде Қазақ жанкүйерлерін сауатсыз деп ойлай ма? Қанаттың жеңілгенінен Қазақстанның абройы кеміп қалмайды, тіпті Қанат Исламның Қазақстаннан екенін сол кештің ұйымдастырушылары мен боксшылар ғана білген шығар. Басқа ешкім білмейді. Қанатты әлем тануы үшін әлемге танылған боксшымен жұдырықтасу керектігін айтпасақ та біліп отырған шығарсыз. Қалғанының бәрі бос әңгіме.

Қанат Ислам
Қанат Ислам © www.zhusan.kz

Спортты ұлтқа, дінге және нәсілге теңеуге болмайтынын спортшы жақсы білуі тиіс. Әуелде спорт ойындарын ойлап тапқан ойшыл ойыншы, олимпиаданы ұйымдастырғанда ел мен елді, ұлт пен ұлысты біріктіру үшін, достықты арттыруды ойлаған еді. Шетелдіктер осы тәмсілді ұстанып, спортты тек спорт ретінде түсінеді. Спортты ұлтқа әкеп тірей беретін тек біз ғана шығармыз. Мысал керек пе? Міне мысал: «Біздің ел үшін атақтан бұрын бауырмалдық бірінші орында тұрады. Головкин екеуміз бір-бірімізді сабағанша, ол өз салмағында мен өз салмағымда чемпион болу әлдеқайда артық деп ойлаймын» дейді Қанат Ислам. Спортшы спортты таңдағанда бәріне дайын болу керектігін Қанат менен артық біледі деп ойлаймын. Барлық спортшының арманы – қарсыластың кім болуына қарамастан әлемді бағындыру екенін де менен 100 есе артық біледі. Осының бәрін біле тұрып, карьерасында қазақ боксшымен кездесіп қалатынын білмеді ме сонда? Әлде бір-бірімен жұдырықтасып жүрген шетелдіктер ақымақ, ұлтын ойламайтын намыссыздар ма? Қанат жекпе-жекке шақырып жүрген мексикалық «Канело» алдағы жексенбі күні отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады. «Екеуміз де бір елдің білдей азаматтарымыз, бауырлығымыз тағы бар, әлем алдында бір-бірімізді сабағанымыз ұят болады» деп жатқан олар жоқ. Себебі, мұның спорт екенін, рингте ғана қарсылас, өмірде қандас екенін біледі. Жанкүйерлер де оны түсінеді. Бокс олардың мамандықтары. Бұл жерде екеуінің нағыз өз саласының мамандары екенін аңғаруға болады. Біреудің аузына қақпақ бола алмаймыз. Дегенмен, ел алдында жүрген азамат болған соң әр сөзіне абай болу керек қой. Қанаттың аузына сөз салып жүргендер осы жағын ескерсе дейміз.

Қанат "QAZAQ" Ислам
Қанат “QAZAQ” Ислам

Осы мақаланы жазып жатқанымызда бізге көмек болсын деді ме, әлде ой қосайын деді ме әйтеуір, фейсбук әлеуметтік желісін қолданушы Жандос Құсайынов мырза мынадай бір пост жазды. Соны сіздерге қаз-қалпында жеткізуді, артық ешқандай ой қоспауды жөн көрдік.

«Головкиннің жетістігі еліміздің бірқатар боксшыларына шабыт əлде мотивация сыйлады ғой. Соңғы кезде қазақ азаматтарының кəсіпқой боксқа немесе кəсіпқой төбелеске көптеп баруы қуантады. Бірақ бір ой бар еді. Лақап атқа неге «Қазақ», «Албан», «Найман» деген ұлт, ру атауларын таңдайды екен? Мен бұл таңдаудан минимум екі ұнамсыз дүниені көремін. Бірінші, егер алда-жалда Қанат бауырымыз шаршы алаңда жеңіліс тауып жатса, қазақ жеңілген бола ма? Біртүрлі. Əрине, жеңілмесін дейтін, тілеуін тілеп, тақым қысып отыратын жанның бірімін. Бірақ спорт ол – спорт. Бəрі мүмкін. Сондықтан Қанат «Қазақ» Исламның əгəрəги болуы кəдік жеңілісі тым ауыр мен үшін.

Екіншіден, ру атауларын желеулетіп шығу да біртүрлі. Өткенде қалың найманның атын еншілеген Қуат «Найман» жеңілді. Найман жеңілді. Ой, қандай ауыр… Қазір «Албан» деген лақап атпен Айдар Шарибаев есімді жігіт кəсіби алаңда қолғап киіп жүр. Бұл ғадет басқа да спортшыларға жұғуы əбден мүмкін. Бұл – руды əспеттеу ме, бөлшектеу ме, не тенденция? «Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады». Ендеше, найман, албан, адай да қазақтың өзі. Жауапкершілігі аса ауыр ұлт, ру атауын аумалы-төкпелі спорттың таразысына тастап жіберу қалай болар екен…».

Түйін

Негізгі айтпақ ойымыз, Қанатты сөгу немесе абройына нұқсан келтіру емес. Біздікі тек жанкүйерлік көзқарас қана. Көзге көрініп тұрған кемшілікті, қателікті айту. Егер, осында Қанат Исламның нәтижесін жоққа шығарып, қате сөз жазып қойған болсақ командасынан және өзінен кешірім сұраймыз. Рас, біз оның командасында қандай әңгіме, қандай жоспар, келіссөздер жүріп жатқанын білмейміз. Бірақ, жоғарыда айтқанымызды олар да жоққа шығара алмайтыны анық. Қанат Ислам осы айтқандарымызды жоққа шығарып, өзін әлемге мойындатса шын қуанатын едік. Солай болсын деп тілейміз. «Айтылмаса сөздің атасы өледі» дегендей көзге бадырайып көрініп тұрған келеңсіз дүниелерді айтпақ болдық. Қанат Ислам тезірек Әлем чемпионы атанып, дүниежүзіне танылғанын қалаймыз. Бары осы ғана.

Ал, Сіз Қанат Исламды қай нәтижесі үшін елге үлгі етіп жүргеніңіздің жауабын таба алдыңыз ба?

Мақала авторы: Асқар Таудай

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
78 пікір
  1. Ұлтын ойлайтың бір Ер туылса
    Оны қабатын екі Күшік туылады дейма? ?

    • жарайсың! Еламан, өте дұрыс айттың, қанат сендерге не жамандық жасады, тек қазақтың атын шығарғаны болмаса, басқа орыстар болса ішіміз тарылмайды, ал қазақтан іреу шықса артынан тартамыз, ел мақтаса мақтай берсін, өз қазағымыз гой, және осы жазушының қандай мақсатпен не үшін жазғанын түсіне алмай отырмын

    • БОЛАР АУЫЛДЫҢ ЖІГІТТЕРІ БІРІН БІРІ БАТЫР ДЕЙДІ, ЖАМАН АУЫЛДЫҢ ЖІГІТТЕРІ БІРІН БІРІ ҚАТЫН ДЕЙДІ ДЕМЕКШІ, МАҚАЛА ӨТЕ АРЗАН ЖАЗЫЛҒАНБ АЛҒА ЖЫЛЖУ ҮШІН МҰНДАЙ МАҚАЛАЛАРДЫ МҮЛДЕМ ЖАЗБАУ КЕРЕК, ЖАНЫШЫР БОЛСАҢЫЗ БАРЫП АЙТЫҢЫЗ, ХАЛЫҚТЫҢ АЛДЫНДА ЖАМАНЫН ЖАСЫРЫП ЖАҚСЫСЫН АСЫРАЙЫҚ, АСҚАР ТАУДАЙ БАУЫРЫМ!!!

    • Өте дұрыс айтасыз! Мына “Таудай”деген текті (әлде лақап аты ма?) иемденіп, бейшара күнін кешкен тар ойлы азаматсымақтарды көргенде, Абайдың “Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос” деген ұлағаты еріксіз ойға оралып, жүрегіміз аурады. Неге қыран болып, қияны шалу орнына, құзғын боп, өлексені күзетеміз! Сіз не десеңіз де, Таубай, Қанат бар қазақ үшін Қанат болып қалады.

    • Асқар таубай масқара болдың ғои саған енді əи сенде намыс жоқ қои.

  2. Жанашыр адамның әңгімесі деп ұқтым. Қанатты көре алмау деген басқа сезім ғой. Көре алмау үшін Қанаттың дәрежесінде жүру керек, соған жедеғабыл жерде жүру керек, мынау таза журналистік сараптау ғой. Өз ойы, дұрыс жерлері бар, жанашыр әңгіме. Қанат ақылсыз адам емес қой, өзі де білед деп ойлаймын кемшіліктерін.

    Бұйырса, Әлем Чемпионы атағын алып, Алты Алашқа сүйінші сұратарға жазсын.

    • Жарайсың, Асқар. Жақсы, дәйекті мақала. Келтірген аргументтерің де орынды. Басқаларға айтарым, сын айту мен аяқтан шалуды ажырата біліңдер.

    • Мұрат Есжанның фэйзбуктағы парақшасынан:

      Қанатқа жабықта тұрып “жанашырлық” танытып, орындықта отырып “орынды сын” айтқан домалақ мақала авторы оны Жанат, Бейбіттермен салыстырғанда, мына бір жайттарды ескермегені өкінішті.
      1. Қанат – екі милиард қытайдың арасында жүріп, олимпиада жолдамасын жеңіп алған жалғыз қазақ.
      2. Қанат – жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Басқаны қайдам, қазақ олимпиада жүлдегерлерін айырықша бағалайды және спортшының ол жетістігін оңайшылықпен ұмытпайды.
      3. Қанат – сол алпауыт қытайдың қолпашын, Лондон олимпиадасына бару мүмкіндігін “Қазақ Елінің азаматы болу” деген біз үшін аса қадірі жоқ, бірақ өзі үшін баға жетпес мәртебеге айырбастап келген ер. (Әлде, мұны да оның “пиаршыларының” ісі деп топшылайық па?)
      4. Қанат – кәсіпқой боксқа кетпей тұрып-ақ, қазағым, елім деп ұран салып, сұқбат беріп, арасында қытайдағы қазақты ойлап көзінің жасын сығып алып, жастарды ұлтшылдыққа үндеп жүрген жігіт. Ол “егер менің тәуелсіз отаным болса, оның көшесін өз шапаныммен тегін-ақ жуар едім” деген ұйғыр ұстазының сөзін сұқбаттарында әрдайым мысал қылып отыратын.
      Міне, меніңше, біз Қанатты осындай тәуекелдері мен құрбандықтары, қадамдары мен жүректен шыққан сөздері үшін үлгі қылып жүрміз.
      Қарап отырмай, біреулер әлгі жазбаға кәсіби сын деп баға беріпті. Егер ондағы Қанаттың промоутеріне, бапкеріне, жасына қатысты жерлерін ғана қалдырып, басқа тұстарын алып тастаса, рас, кәсіби сынға жарайтын шығар. Бірақ, осы тұрысында, қазақты қазақпен салыстырып, бірді артық, бірді кемге шығару мен “кім едің сонша” дейтін өзеуреуі басым бәлду-бәлду болып тұр.
      Әсілі, сұрақ неге Қанатты өзгелерден артық дәріптейміз деп емес, неге өзге жігіттердің Қанаттың деңгейінде дәріптей алмай жүрміз деп қойылуы тиіс еді. Сонда айтар едік, “әй, Асқар Таудай, немесе, улап-шулап қолдап-қолпаштап жатқан Терең Теңіздейлер мен Алып Даладайлар, тасада жүрген өзге жігіттерді дәріптесеңдер, кім қолдарыңды байлап, тілдеріңді тұсап тұр?” деп.
      P.S. Негізі кез-келген пікірдің өмір сүруге құқы бар. Мейлі бүркеншік атпен жазылса да. Тек, қолпашшылар көбейіп бара жатқан соң, өз пікіріме де өмір сүру құқын сыйлап отқан жайым бар.

  3. Кәсіпқой бокста чемпиондық белбеуді жеңіп алып, оны мықты қарсыластармен шығып қорғап, өзіңді-өзің рингте дәлелдесең ғана мықтысың. Мақала чемпион болу үшін Қанаттың намысын қайрау, жігерлендіру мақсатында жазылғаны көрініп тұр! Қанатқа тек сәттілік тілейміз!

  4. Қанаттың жанашыры жазған екен, жақсы материал. Өз ойымды қоса кеткiм келедi. Қанатқа “Канело” атымен пиар жасауын доғара тұруы керек. Нельсон сияқты “клоуннан” бөлек кеткенi жөн секілді!

    • Айтуыңыз дұрыс.Атамыз Қажымұқанды кезінде орыстар қазақ атағын шығартпау үшін Ямахита Муханура деген жалған атпен шығарған кілемге.ХХІ ғасырда қазақты әлем таныды. Сондықтан өз атымен шықса,тек қазақ емес бүкіл исі мұсылман қуанар еді,қоштар еді. ҚАНАТ ИСЛАМ! Тамаша естілмей ме?!

  5. Оны несіне жазып отырсыз.Одан да ұлт болып ұйысып,ел болып елімізді кең əлемге танытқан ұландарымызға,батырларымызға қамқор болайық.Көреалмаушылық деген қиын екен ғой.Мақала авторы жасырын атпен шығып елге лаң салғанша ,жөніңізге жүргеніңіз дұрыс болар еді

  6. Аскар таудайсынба незатсын озин не катырдын кыртымаш

  7. Елім деп елге оралған сол елінің қазіргі таңда намысын аяққа таптпай жүрген(қазақта мұндай ерлер өте көп, Жанқош, Бейбіт, Ардақ, айта берсең саны көп) сондай қазақтың бір өр ұланы ретінде құрметтеймін!

    • Мен өзін Таудай деп дәріптеп өтірік атпен шығып , Қазақты жақтырмай отырған адамның сөзін қаперлеріңізге алмауларыңызды сұраймын. Басында дұрыс екен деп көңіл аударып, оқып көріп едім, кейін таза көре алмаушылық, біреудің сойылын соғу анық білініп, шіріктің иісі шыға бастады.Өзін “Қазақ” деп атаса несі ерсі екен? Рулардың аты мен Қазақты салыстыруға бола ма? Спорт бірде жеңіс , бірде жеңіліс емес пе? Елге келгеніне анық қарсы болып тұрғаны көрініп тұр ғой, жылына 2,3 рет келгенін көре алмай тұр!!! Сонда елге келмей таза шетелдік болып, Қазақстанды сувенирлер алып суретке түсіп кететін жер ретінде көруі керек пе? Осындайлар іріткі салады, құндылықтарды жоюға көмектеседі.

    • Зарипаға толық қосылам.

  8. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Мақала сауатты жазылған. Елдегі кәсіпқой бокстың дамуымен жанкүйерлердің талабы күшейіп, сауаты да ашылып келеді. Әлем чемпионы Жанат Жақияновты Қазақстанда көп азамат танымайтыны қынжылтатыны рас. Популизмді қойып, нақты істің адамдары керек. Алдағы уақытта Қанат Исламнан тек чемпиондық бойлар күтеміз. Кәсіпқой бокста 5 жыл жүрді. Жеткілікті уақыт. Жасы да 33-ке келді. Енді 1-2 жылда чемпион болмаса уақыт өз дегенін алады. Бокстағы таланттар да тек қазақтан шығып жатқан жоқ. Әлемдік бәсеке күшті…

  9. Канат Ислам казак бауырым, казакты аякты тартуды койсандаршы. Бауырымыз болган сон оны котеру керек

  10. Мақала авторымен толықтай келісемін. Спорт-спорт болу керек!

  11. Ағалар далбасаламаңыздар сіздер соған жетіп алыңыздар! ?????

  12. Болар елдін балдары бірін бірі батырым дит. Болмас елдін балдары ………… Дит.

  13. Ұлттың атын атап, пиар жасау негізі дұрыс емес. Ұлттың атымен шығу да керек емес. Тек қана Қанат емес ұлтын ойлайтын, Жанат та, Мадияр да, Батыр да, Бекман да, т.б. боксшылар да ұлтын сүйеді, берген сұхбаттарында айтып та жүр. Бірақ олар Қанат сияқты дəріптелмейді. Жанаттың, Батыр мен Бекманның чемпиондық атағы Қанаттікінен жоғары, бірақ ел оны білмейді, тек бокс маңындағылар ғана біледі. Егер Қанатты неге телеарнадан бермейді деп талап қояр болсақ, басқа боксшылар туралы да осылай айтуымыз керек. Ұлттық сезімге ойнауды доғару керек негізі. Қанаттың пиарщигі мықты не болса да.
    Қанаттың жақын арада чемпиондық атақ үшін таласуын күтеміз. Егер Əлем чемпионы бола алмай карьерасын аяқтаса, ұлтым деп айтқанының бəрі бекер болады.

    • Батыр мен Бекманды, Жанат пен Мадиярды ел танымаса, теле арнадан корсетпесе оган Канат кинали емес. Жане елимди мен гана ойлаймын деген жок. ЕЛИМ жерим деп айтса жаманба?! Ода турган не бар екен. Кайта Казактан сондай батырларымыз, мыкты спортшылпрымыз шыгып жатса неге колдау корсетпеске. Казактын канына синген касиет коре алмаушылык. Сал гана атагы шыга бастаса аяктан шалу. Мен автордын да жазганын сын деп ойламас едим. Кып кызыл коре алмаушылык сагын сындыру Канатты неге Галовкиннен томен санайды.

  14. Жазушының не ойлағанын басын оқып отырып түсінуге болады,қазақ еместігін Тиіспе біздің қазақтарды жерге ұруды.Қолдап тұрсақ Екінші чемпион болу түкте емес. Осы дәрежеге өздерің жетіп көріңдер бірінші.

    • Ешқандай қазақққа тиісіп отырған жоқ. Дұрыс жазылған

  15. Үлгі болу үшін чемпион болу міндетті емес.”Адам бойындағы құрметтеуге тұрарлық ең асыл қасиет – ол өз Отанына деген махаббат” деп бір данышпан(авторын ұмытып отырмын) айтқан екен.Қанаттың қазақты,Отанын қалай жақсы көретіні бәріне аян.Рингтегі көрсеткішінен бұрын осы қасиетін үлгі қылуымыз керек.
    Отанға махаббат демекші,Головкиннің халықты сүйсіндіріп тұрған басы тұсы да осы емес пе?!Егер ол “Мой отец – русский, мама – кореянка, а мен – қазақпын!” демегенінде,шаршы алаңға орыстың,немесе басқа ұлттың атынан шыққан болса,қазақтар оны дәл бүгінгідей үлгі қылмас еді ғой…

    • Өте дұрыс айтасыз… Осындағы біразынан көңілім қалып еді…

  16. Бұл мақалаңмен бір Қазақты бір Қазаққа өштестіргеннен басқа еш нәтиже күтпеймін… Себебі бұны түсінетірдері аз ғана, ал қалғаны, жас ұрпақтар Қанатқа басқаша қарайтын болар. Оны елдің қолпаштағаны не үшін тағы бір Қазаққа жақпайды?! Міне бұл Абайды қартайтқан Қазақтар… Басқа ұлыттан ұялам осындай жағдайда…

  17. Екеуін салыстыру мүмкін емес шындап келгенде. Арасы жермен көктей. Дегенмен қазақ қазаққа бауырмашыл болу керек әр уақытта басқа ұлтқа қарағанда. Мен мақаланың авторына келіспейтінім Қанатты жерден алып тесікке тықты, ол жарамайды. Қанатты үлгі етсе ол басқа шетелде жүрген қазақтарға жасалған жарнама. Орала алмай жүрген қазақтардың ойында қорқыныш бар мен Қазақстанға барсам маған деген көз-қарасы жақсы болмайды деген ой. Шындығында оралмандарды шеттететін қасиет барғой біздің қазекеңде. Сол үшін келте ойланбауларыңызды сұраймын. Басқа бокысшыларды халыққа танытып дәріптейтін осы журналисттер емеспе? Көптеп түсірсін, халыққа жеткізсін. Материалдар азғой басқа бокысшылардың.

  18. Жазып отырған оңбаған адам! Бірақ қолынан ештеңе келмейді! Өзі құрдымға кетеді.

  19. Автор сен сияқты көре алмайтындар Мұстафа Өзтүріктің түбіне жеткен.

  20. Автормен 200% келисем!!! Меним козкарасым осындай болган. Алматы аренада болган бокс кешинде алемдик рейтинги тым томен боксерди женген Канаттын алем чемпионындай сонша куанганынна карап. Халыктын мине нагыз казак деп мактанганына карап, ешкандай куаныш сезбедим. Сол кеште, бас бокстан емес, кайта адеркард иелери, Жанкоштын боксынан, Жанибектин боксынан лаззат алдым. Мактаншактык, отирик патриотизм, тубимизге жетеди. Кезинде Б.Шуменов Б.Хопкинспен кездесер алдында, жаналыктан озимиздин олимпиада чемпионымыз Е.Ибраимовтын итервьюин окып тан калып едим. Сонда Ермахан агамыз журлистке Бейбит оте мыкты, опытный боксер, женетинине сенемин деген созине катты тангалдым. Ол емес жай бокс жанкуйери мен Бейбиттин Бернардтын тажирибесине тотеп бере алмайтынын билгем. Сонда Канаттын Чарло, Лара, Канело сияктылардын денгейинде емес екенине козимизди жумып койып, Канелоны бериндер деу керек пе? Канат Астана Арланс капитаны болган кезинде С.Деревянченкодан женилген, Серегадан профибокста реванш алса, улкен жетистик болар еди. Канело-Манелоларды коя турып )))

  21. Бырынды казак бырын дос кормесен ьстын бары бос !!!

  22. Мынасы тым ұят енді, қатесін қазбалап қайтбек? Елге көп келгіштеп кетті дейді.))) Өз еліне келсе не болыпты? Шекара асып келген бір баурыңды баурыңа қысып азаматтық бере алмай сиыр құймышақтап жібергендерін ұмытып қалғанд ба?əлде Қытай арыз бергенде араша түсе алмағанын ұмыт қалдырған ба? Өзгенің шапан киіп өтрік қазақ боп жүргеніне мəз əйтеу, жаны да қаныда , лақап атыда қазақ болған қандасын сынап-міндегенше қара жерге кіріп кетсеңші малғұн!!!

  23. Ішіңіз сондай тар екен көре алмаушылық сіздікі қандай жамандық жасады Қанат сізге таза қазақша сөйлегеніма орысша білмегені ма сіздің айтып отырған жетістігіңіз іші тар қазағымай осыдан кейін қалай ел боламыз

  24. Көреалмаушылықты қою керек

  25. Асқар Таудай (Қошқар Ойдай) автор мырза. Ойың, ұлттық намысшылдығың, оттан сүйгіштік, ұлтшылдық намыс, қазақтың кең пейілдігі сенің Асқар Таудай есіміңнен лебіде сезлмейді. Ия дәйекті материал жинапсың солай -ақ болсын! Ары бармайын облыс емес, қалалық жарысқа ережесіз жекпе жекке бұтыңа шалбар киіп шығып көрші. Сен ринг тұрмақ көшеде біреумен ұстаса алмайсың, аяғың дірілдеп соткана жүгірерсің. Бұл (ММА, Бокс) тағдырың бір соққыдан шешіледі, қарсыластың қанша жеңілісі болсада ол-маңызды болмай қалады. Ол атмосфераны сезініп рингке көтерілудің өзіне үлкен сенім, намыс, ер жүрек керек. Бір рет болсын шет мемлекеттің қандай да бір үкілеп қосқан спортшысын жеңіп өз еліңе келіп мақтанғанда тұрған ағаттық жоқ. Ол бір көшенің шпанасын немесе қайдағы бір алқашты, сен сияқты клавиатура боксерді жеңіп жүрген жоқ. Спортшыны жеңді, ол үлкен қуаныш. Қазаққа кеп мақнтанбай кімге мақтанады?! Қазақтың қазақтан басқа барар жері бар ма?! Елім деп 1,5 млрд-ты тастап 17 млн-ға келді ғой ол-хақ! Өзің Абай атамызды келтіріпсің, онда мына сөзі есіңе түспедіме “Біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос”-деген, аз да болса жетістікке қуана білу ол біздің патриоттық, ұллттық намысымыз, мейлі кімді жеңседе, мейлі чемпион болмасын сен айтқан. ОЛ Халық батыры, чемпионы боп қала береді. Сен күйе жаққанды қой. Қабағы жарылғанда елін емес, өзін ойлады дейсің сен не миына кіріп шығыппедің? Әлде көзің ренген ба? Ойын анық айтты ғой келеген де “елім” деп, анығын алла білуші ол хақ. Сен өзіңнің сасық ойыңды қосқанды қой, ішің тар көре алмайтын ишак бас болсаң оныда айт. Мақалаң құрысын артқа тартқан. Еламан: Ұлтын ойлайтың бір Ер туылса
    Оны қабатын екі Күшік туылады дейма? деп жақсы айтты. Сені жамандап түсіргем жоқ, өзің айтпақшы сен түзелсін деп сын айтып жатырмын.

  26. Асқар Таудай (Қошқар Ойдай) автор мырза. Ойың, ұлттық намысшылдығың, оттан сүйгіштік, ұлтшылдық намыс, қазақтың кең пейілдігі сенің Асқар Таудай есіміңнен лебіде сезлмейді. Ия дәйекті материал жинапсың солай -ақ болсын! Ары бармайын облыс емес, қалалық жарысқа ережесіз жекпе жекке бұтыңа шалбар киіп шығып көрші. Сен ринг тұрмақ көшеде біреумен ұстаса алмайсың, аяғың дірілдеп соткана жүгірерсің. Бұл (ММА, Бокс) тағдырың бір соққыдан шешіледі, қарсыластың қанша жеңілісі болсада ол-маңызды болмай қалады. Ол атмосфераны сезініп рингке көтерілудің өзіне үлкен сенім, намыс, ер жүрек керек. Бір рет болсын шет мемлекеттің қандай да бір үкілеп қосқан спортшысын жеңіп өз еліңе келіп мақтанғанда тұрған ағаттық жоқ. Ол бір көшенің шпанасын немесе қайдағы бір алқашты, сен сияқты клавиатура боксерді жеңіп жүрген жоқ. Спортшыны жеңді, ол үлкен қуаныш. Қазаққа кеп мақнтанбай кімге мақтанады?! Қазақтың қазақтан басқа барар жері бар ма?! Елім деп 1,5 млрд-ты тастап 17 млн-ға келді ғой ол-хақ! Өзің Абай атамызды келтіріпсің, онда мына сөзі есіңе түспедіме “Біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос”-деген, аз да болса жетістікке қуана білу ол біздің патриоттық, ұллттық намысымыз, мейлі кімді жеңседе, мейлі чемпион болмасын сен айтқан. ОЛ Халық батыры, чемпионы боп қала береді. Сен күйе жаққанды қой. Қабағы жарылғанда елін емес, өзін ойлады дейсің сен не миына кіріп шығыппедің? Әлде көзің ренген ба? Ойын анық айтты ғой келеген де “елім” деп, анығын алла білуші ол хақ. Сен өзіңнің сасық ойыңды қосқанды қой, ішің тар көре алмайтын ишак бас болсаң оныда айт. Мақалаң құрысын артқа тартқан. Еламан: Ұлтын ойлайтың бір Ер туылса
    Оны қабатын екі Күшік туылады дейма? деп жақсы айтты. Сені жамандап түсіргем жоқ, өзің айтпақшы сен түзелсін деп сын айтып жатырмын.

  27. <>Автор өзінше ҚАЗАҚ пен ҚАЗАҚТЫҢ ұлы АБАЙЫН да келеке еткісі келеме қалай?

  28. Былжырақ! осы Қазақтар ғана (өзіміз) осылай біреудің кемшілігін іздеуге шебер екен.Ббоксшылардан басқа талқылайтын мәселелер жетерлік қазақ үшін жаның ашыса біреуден кемшілік іздемей басқа жақтан жанашырлық жаса!!!!!!!!!!!!!!! Шет елден келген Қанаттың жетістігі сені толғандырама басқасы жоқтай бұл көреалмаушылық

  29. Байлауыш байлап журсин ба не мынау

  30. өзіңнің жазғаның дұрыс десең атыңды да құпия ұстамас едің. Асқар тау емессің-ау шамасы

  31. Қызғаныш-екі дүниеде тозақтық болудың басты себебі. Қанат қазақ ұлтын сүйетін жүрегімен ұлтына мың батырдан артық және үлгі.

  32. Мынау ауру біреу. Басын оқып, аяғын оқығым келмей қалды. Не болса да сау сиырдың боғы емес ))

  33. Мақала авторын жекпе-жекке шақырам! Бокс жайлы жазып отырғанына қарағанда, төбелестен хабары бар шығар?! Бірге-бір! ))

  34. ЖасАлаш Нұрбол Мұратбекұлы

    Асқар, Таудай болып жаудай сөз айтқаның не? Өтірік күйінгендей болма, өзің жазғандай”лақап атыңды өзгерт”, қалқан киіп алып сыбырлама. ұлтқа күйінеді екенсің ғой, ұлт үшін не істедің? Қанаттың сөзімен айтсақ ” әр кім өзіне жауап берсін” . Жарай ма?

  35. Kolyna kalam alsan ozindi kudaidai sezinetin jurnalist ekensin!KANAT batyr,talai jaska ulgi,kolynnan kelse Kanattyn osy jetistikterine ozin jetip kormedinbe onaima eken,auzynmen orak ormai,bireudin eteginenen tartyp eldi jaman oiga jeteleuden aulak bolynyz,eldin eteginen tartam dep sol eldin arty oz betinizge otyryp kalmasyn.syn aitsanda jonimen ait,jok jerden wi izdep,ultka suimkimsiz kylyp korsetpei,myna turinmen sende kazakka jany awityn adam emes siaktysyn!

  36. Еее журналист смагымай!!! Аузын казы картадан емес,сала дан майланып журген быреу сиактысынгой! булай елдин етегинен тарта берме етектен тарткан жаман,куласа артымен бетине отырады!сасып журип сасык иыс искеп калма!

  37. Автор! Батыр неге жылады деген телехабарды қара.Сосын ойлан.Халқымыз өзінің кемшілігін мына сөзбен түсіндірген. “Қазақтың біреуі батыр атанса,бесеуі соның көрін қазуға дайын отыратыны несі?!” деген.Сен мақалаң кір,ластау болып шығыпты… Өкінішті-ақ.Ал былай сауатты азамат сияқтысың…

  38. Катын ангиме сенин айтканын.

  39. Аскар мынау нағыз коре алмаушылык кандай ниетпен жазып отырсын.

  40. журналист ага сиздин пикириниз дурис бирак бул казакка аитылатын пикир емес казактар терис пикирди жактирмаиды жамандагандаи боласыз сиз оси макаланы жазганда кандаи ои болатынын билдиниз биле тура жаздиниз осы макаладан кеин сизди бари жамандаитынын билдиниз казак деген халык бир бирине баурмал халык канша терис пикир аитсанда бир бирине жани ашиды мундаи пикирди сиз орыска озбекке китаига агилшинга тб аитсаниз дурис кабилдаиды ал казак халкы оз бауриники дурис болмаса да дурис деиди ешкимге обидага бермеид жалкау халык етти жакси коретин халык кандары сондаи егер писык полса озбек болад ет жемесе немис болад баурина жаны ашимаса ундис болад ол кезде казак жок болад мына казактын алладан берген минези бар сол ушин ол казак менин оиым сиз осинин барин биле тура ешкандаи макала казак санасын озгертпеитинин биле тура неге жаздиниз отирик болсада мактап неге жазбаисыз не бокс атадан калган кокпар ма немесе канат ислам базарда ташки аидаса жетисесизба болмаса казактин бокска деген козкарасин котеру керек деисиз казак боксты билмеи ак коиса не болад аиналдырган казакта он шакты жигит проф бокста сонин озин сынаисыздар кыскасы боксты емес казакша курести жазиниз осы спортты жане жанкуерлерин кобеиту керек аидаладаги боксты жазганша

    • Дурыс айттың

  41. Неменеге керек мына мақала,журтты ееіге жардың,мінне сен автор қателестің,турасы болса мына жерге каментар жазушылардын жоқ дегенде 30пайызы саған дурыс айттың дер еді,барі саған басты қатырма депті ғой,мен де ( Ұлтын ойлайтың бір Ер туылса
    Оны қабатын екі Күшік туылады) дегенге келдым,мақалаңды оқып

  42. ындығына келгенде ол елін емес, өзін ойлады. Өзінің сол кезде жеңіліп қалмауын, жанкүйерлерге масқара болмауын ғана ойлады. Басқа түк ойлаған жоқ. Ал, ол елімді ойладым деп ойланбай айтып, сөзден «авария» болатынын ойлаған жоқ. Әлде Қазақ жанкүйерлерін сауатсыз деп ойлай ма? Қанаттың жеңілгенінен Қазақстанның абройы кеміп қалмайды, тіпті Қанат Исламның Қазақстаннан екенін сол кештің ұйымдастырушылары мен боксшылар ғана білген шығар. Басқа ешкім білмейді. Қанатты әлем тануы үшін әлемге танылған боксшымен жұдырықтасу керектігін айтпасақ та біліп отырған шығарсыз. Не боқ сөз мына…..,қатын сяқты

    • Ұятын-ай! Не деген пасық адам едің. Мақалаңнан іштарлықтың күлімсі исі аңқып тұр. “Үйкүшік” деп даттап алып, Қанатқа қаратып айтпаймын дейді. Бұны қалай түсінуге болады? Айтарыңды айтып алып,артынан қатын сияқты мəймөңкелеп тұрғаның қалай Асқар тау сымақ. Қанаттың тырнағына татымайсың, бірінші оның артқа тастаған асуларын асып алып асқар таудаймын десең мейлі. Елім деп келген ердің етегінен тартқаннан не пайда табасың? 2 миллиард қытайдың ішінен суырылып шыққан жалғыз қазақ. Біреуді даттағанша өз əлеміңізді көреалмаушылықтың отынан емес мейірімділіктен құрастырғаныңыз жөн болар ағасы!

  43. Қазақтан сақтанІ деген дұрыс ау… Неге сонша көре алмастық….

  44. Makalani jazgandar Rauan Okas, Bauirjan Serikbaev, Erbol Serikbaylar ekeni kommenterden belgili boldi. Oriskuldar?

    • Елдің басын мылжың сөзіңмен қатырмашы.Олардың сен сияқты қара ниет ойлаудан басқа тірліктері жоқ па авторсымақ-ау

  45. Сандалма мақала жазған аитор сымақ.

  46. Басқа ойлар ойың жоқпа, ішкі ниеті қара біреу екендігің көрініп тұр ғой авторсымақ.
    Қанатта не ала алмаған ақың бар сонша күйетіндей

  47. Барып тұрған іштарлық. Қазақстанның кең жерінен не пайда, ішкі дүниең тар болса. Осындайлар ғой ұлтымыздың атына кір жағып, іріткі салатындар. Жат жерде жүріп 2 млрд. қытайдың ішінен суырылып, дара шығу Қанаттың ғана қолынан келді. Елде жүріп сен не бітірдің? Жақсыны көрсе көзі қанталап, аяқтан шалатын пасықтар аз емес.

  48. Қанат-патриот!Ол ұлжанды замат!Қалғаны бос Әңгіме!

  49. Арман Оспановты осылай аяқтан тарытқан еді енді Қанат бауырымызға шықтындарма мақаланы жазған адамға айтарым сен не шаруа битирдин бұл жалған дүниеде қаламен өширгиштей өшесин

  50. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді,болмайтын елдің баласы бірін бірі қатын дейді.Сіздікі орынсыз сынау.Сіз Қанаттай болып алыңыз.Екі белбеуі болса ол қандай еңбекпен келгенін білесіз ба?Шеттен келген қай қазақ елім деп еңіреп еді.Қазақтың бірін бірі аяқтан тартатыны жаман осы.Қанат қанатың талмасын!!!

  51. Almas Altay Magistauina kuri, jalakor. askar tauday emes kok salgishtan tomen bireusin goy

  52. Бабалар каракерей кабанбай шапырашты наурызбай болып жауга шапкан руда турган ештене жок оданда бул макала кимнин заказы муны жазу ушин канша акша алдын соны жазбадынба .?

  53. Өте жақсы айтылған мақала! Қанаттың қарсыластары өте əлсіз! Өткенде альвареспен шығамын дейді. Адамның күлкісін келтіріп. Альварес əлемдік деңгейде салмақ дəрежесіне қарамастан 3-ші орында тұрған əлемнің жұлдызы емес пе? Қанаттың ұлттық мүддесіне, тəрбиесіне, патриоттығына əңгімем жоқ! Бірақ деңгейге сай сөйлеген жөн-ау. Жазылған мақала əділ,таза, жанашырлықпен, боямасыз айтылған сын екені даусыз!

  54. Зарипа сіздің пікіріңіз қате! “Қазақ” деген атпен жүріп жеңілсе Қазақ жеңілді демей ме? Бүкіл ұлттың атын жамылып рингке шығуға болмайды. Қазақ деген сөз қасиетті сөз.

  55. Мен казак болганыма мактанам.Мынау таза кореалмаушылык.Канат айтты кымнын колынан не келеды.Казак ушын жасасын.Мен куанып отырмын .Копшылык бауырлар Канатты жактап отыр.бул казакты жау алмайды деп былем…..

  56. Қанат- ұлты үшін туған асыл ер! Ол Қазақ елін, жерін жанымен сүйетін халықтың азаматы! Ал мұндай көре алмайтындар әрқашан да болады. Ол өмірдің заңы. Қанатың талмасын Қазақтың ҚАНАТЫ!!!

  57. Біріңнің етіңді бірің жемесең қазақ боласың ба?

  58. Ей, Асқар таудай атын затына сай емес біреу екенсін, мақсатымыз Қанатты сөгу, абыройына нұсқан келтіру емес дейсің жазатыныңды жазып, боқты жағып алып. Көре алмай ішің тарылып бара ма? қайта қандай боксқа қатысса да жүлделі болғаны елдің абыройын асқақтатқаны. Әлде жазар дүние, бәреуге күйе жаға алмай жүрсің бе? өзің журналист ретінде қандай шыңдарды бағындырып қойып едің?????????????? Ішің күйсе тұз жала” деген халық. Өсек тасыған қатын құсамай, жазатын нәрсеңді жөндеп ал………

  59. Мəə не деген көре алмаушылық.Жазатын басқа тақырып таппай қалдыңба?!Бұл деген тырнақ астынан кір іздеу болып табылады.Сендерге əйтеу бəрі оңай көрінеді.

  60. Ішің күисе тұз жала.Сен ҚАНАТ ҚАЗАҚ ИСЛАМНЫҢ ШҰЛЫҒЫНА ТАТЫМАЙСЫҢҒОИ СОРЛЫ.АЛҒА ҚАНАТ ИТ ҮРЕДІ КЕРУЕН КӨШЕДІ.ҮРІП ҮРІП ҚОЯДЫ.

Пікір қосу