Өзбекстан көлік министрлігі Қазақстан мен Ресейге автобус рейстері іске қосылатынын хабарлап отыр.
Қазақстан:
- Бұқара – Түркістан;
- Үргеніш – Ақтау;
- Ферғана – Алматы.
Тағы бес рейс Қазақстан арқылы Ресейге жүреді:
- Сурхандария – Бұқара – Үргеніш – Нүкіс – Мәскеу;
- Үргеніш – Нүкіс – Уфа;
- Нүкіс – Краснодар;
- Ташкент – Уфа;
- Ташкент – Краснодар.
Естеріңізге сала кетейік, елдің көлік министрлігі басқа елдерге де автобус рейстерін іске қосуға ниетті.
Қырғызстан:
- Әндіжан – Ош;
- Әндіжан – Жалалабад;
- Әндіжан – Арсланбоб;
- Косонсой – Джалалабад;
- Бұқара – Бішкек.
Тәжікстан:
- Самарқан – Душанбе;
- Бұқара – Душанбе.
Қытай:
- Нүкіс – Үргеніш – Бұқара – Үрімші.