Qazaq Air әуе компаниясы Түркістаннан Самарқанға рейс ашады

Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы Түркістаннан Самарқанға рейс ашады. Бұл туралы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлады. 

Түркістан–Самарқан бағыты бойынша рейстер 2024 жылғы 15 наурыздан бастап ашылады деп жоспарланып отыр.

Олар аптасына екі рет (жұма және жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті ұшақтармен орындалады.

Рейстер санының көбеюі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.