Алдағы демалыс күндері ауа райы жаңбырлы болады

«Казгидрометтің» хабарлауынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райы бұлтты болады, жиі жаңбыр жауып, кей уақыттарда арты сулы қарға ауысады. Ауа температурасы нормадан 2-5ºС төмен болады.

Осындай ауа-райы Республикамыздың аумағы арқылы суық арктикалық фронттардың өтуіне байланысты, олардың тылына Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан,   антициклон таралатын болады. Ауа-райы тек батыс облыстарының тұрғындарын жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы жоғарылап қуантады.

Мамыр айының басында жауын-шашын тоқтайды және оңтүстік-батыс тропосферлық ағындармен температура алдымен батыста, содан кейін қалған аумақта көтеріле бастайды.