16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері туралы келісімге сәйкес, екі елдің мерекелік күндерінде өткізу пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, — делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Осыған байланысты комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады, — делінген хабарламада.