Зерттеу тобының хабарлауынша, қолдан жасалған жарылғыштың жаңа түрі гранататқыш арқылы атылады. Сондай-ақ дронның көмегімен де тастауға болады. Негізі сарапшылар лаңкестерде қару-жарақ жасап шығару бойынша орталық жүйенің барын айтады. Экстремистер оларды үнемі сынақтан өткізіп, керек болған жағдайда жетілдіріп отырады.
Жаңа қару Ирактың Мосул қаласының іргесіндегі ұрыс қимылдары кезінде сынақтан өткізіліп жүр.