Ирактағы терактіден қаза тапқандар 165 адамға жетті

Оқыс оқиға қаладағы Әл-Каррада сауда ауданында болған. Ирактың ішкі істер министрі Саад Маанның айтуынша, көпшілік жиналған жерде жарылғыш зат қойылған көліктің күлі көкке ұшқан.

Осыдан бірнеше күн бұрын үкімет әскері мемлекет астанасынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Әл-Фаллуджа қаласын лаңкестерден азат еткен. Ирак премьер-министрі Хайдер аль-Абеди осыған байланысты олардың қарсы шабуыл жасаған деген болжамын айтты.

Сонымен қатар, бұл елде үш күн аза тұту күні болып жарияланды.