Террористер жойғыш қарудың жаңа түрін ойлап тапты

«Ирак пен Левант лаңкестік тобы» жаңа қару-жарақ түрін ойлап тапты. Бұл туралы британдық зерттеу тобы мәлімдеді.

Зерттеу тобының хабарлауынша, қолдан жасалған жарылғыштың жаңа түрі гранататқыш арқылы атылады. Сондай-ақ дронның көмегімен де тастауға болады. Негізі сарапшылар лаңкестерде қару-жарақ жасап шығару бойынша орталық жүйенің барын айтады. Экстремистер оларды үнемі сынақтан өткізіп, керек болған жағдайда жетілдіріп отырады.

Жаңа қару Ирактың Мосул қаласының іргесіндегі ұрыс қимылдары кезінде сынақтан өткізіліп жүр.

Дереккөз24.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз