Алматы тұрғындарының орташа айлық жалақысы жарияланды. Бұл туралы Алматы экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихат сессиясында айтты.
Инфляцияны есепке алғанда, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ке өсіп, 470 мың теңге болды. Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың қарқынды өсуі 58,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, оның 80%-і – тұрақты жұмыс орындары. Соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ке дейін төмендеді, – деді Дастан Өмірбаев өз баяндамасында.
Сонымен қатар спикер биылғы қарашада жылдық инфляция 9%-ке дейін баяулағанын атап өтті.
2024 жылдың аяғына қарай инфляцияның одан әрі 8,5%-ке дейін, ал 2025 жылы 7,5%-ке дейін төмендеуін күтіп отырмыз. Жалпы, Алматы экономикасының өсімі 2024 жылы 5,5% деңгейінде болады деп күтіледі. 2025 жылы экономиканың өсу қарқыны 6,4%-ке дейін жеделдейді деп болжанған, – деді Дастан Өмірбаев.