Бүгін Алматыда БжЗҚ-ның 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда қор басқармасының төрағасы Нұрбибі Наурызбаева зейнетақы активтерінің бір бөлігін жекеменшік басқарушы компаниялардың басқаруына беру үрдісінің мән-жайын айтып берді.
“БЖЗҚ ақшасын жекеменшік компаниялардың басқаруына беру мәселесі көптеген қазақстандықтарды толғандырады. Бұл жұмысты қазір Ұлттық банк жүргізіп отыр. Олар қазір зейнетақы жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарды әзірлеп қойды, онда салымшыларға өз жинақтарын басқаруға қатысу құқығын беру қарастырылған. Жобада зейнетақы активтерін басқару бойынша қазақстандық та, шетелдік те компанияларды құру көзделеді, салымшылар осы компаниялардан таңдап, өз ақшаларын сонда аударады”, – деп түсіндірді Наурызбаева.
Төраға БжЗқ әкімшілік есепшоттар мен зейнетақы төлеуді жалғастыратын бірден бір есептік орган болып қалатынын айтты. Сонымен қатар жекеменшік ұйымдарды таңдау мәселесі бойынша салымшыларға кеңес беру де қор үлесінде қалады деп ұйғарылып отыр.

1 Пікір