Қазақстандағы балалар үйінде қанша тәрбиеленуші бар?

«Қамқоршылық кеңеске бірқатар өкілеттік беру жоспарланып отыр. Мысалы, балалар үйінің қызметі туралы нақты есептерді тыңдау, мекеме басшыларының қызметін бақылау, балалардың өмір сүру жағдайын бағалау, оларды әңгімелесуге қол жеткізуді жүзеге асыру. Балалар үйіндегі қамқоршылық кеңестің қызметі жөнінде барлық толық ақпарат интернет-ресурстарда және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жарияланады», — делінген Baq.kz тілшісінің ресми сауалына жазылған жауап хатында.

Министрлік қазіргі таңда жетімдер үйінде қанша баланың тәрбиеленіп жатқандығын айтты.

«Қазіргі кезде еліміздің 140 жетім балаларға арналған және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған ұйымдарда 7 236 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде білім жүйесінде 100 балалар үйінде 5 751 бала, денсаулық сақтау жүйесінде 23 сәбилер үйінде 736 бала, ал әлеуметтік қорғау жүйесіндегі 17 мекемеде 749 бала бар», — делінген хатта.

Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес, балалар үйлерінде қамқоршылық кеңестері құрылған. Кеңес құрамына мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер, қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері және демеушілері кіреді. 

 

ДереккөзBaq.kz