23-34 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Қарулы күштері авиациясы жоспарлы ұшады. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлап отыр.
Іс-шара арнайы түтінді қолдану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды.
Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ, — делінген хабарламада.