Ауыл кәсіпкерлеріне арналған тегін курс басталады

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқыту. Алдағы уақытта  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу қағидаларын да үйрету жоспарланған.

«Жобаға қатысу үшін міндетті түрде тестілеуден өту керек. Бұл сынақ кәсіпкерлікпен айналысу қабілетін анықтайды», — дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанаргүл Жоламанова.

«Бизнес бастау» жобасына Индер, Исатай, Махамбет, Қызылқоға аудандарының тұрғындары қатысып жатыр. Олардың қатарында жұмыссыз азаматтар да бар. Дәріс барысында дайындаған бизнес-жобаларын тиісті қаржылық институттың несиелік комиссиясы алдында қорғайды. Ал оқуын аяқтап, сертификат алған азаматтарға стипендия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

ДереккөзEgemen.kz